Жадынама тұрғын үй көмегін тағайындау туралы

19.07.2022

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық төлемдердің шығындарының ақшалай үлесін төмендету мақсатында тұрғын үй көмегін тағайындау мемелекеттік қызметін көрсетеді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) коммуналдық қызметтердің шығыны жалпы табысының 10 % -нан артық және жеке басында тек бір ғана жылжымайтын мүлкі болу тиіс. Жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға зейнет ақысының 7 пайыздық мөлшерінің есебінен жүргізіледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтар (отбасы) арыз беру арқылы келесі құжаттармен жолыға алады:

1) «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, электродық цифрлық қолтанбасы бар болған жағдайда.

Өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;

— отбасының табысын растайтын құжаттар;

— коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;

— балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

— банк шоты;

— тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
— коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
— телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
— жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Табысы мен коммуналдық төлемдерге төленген шығын туралы мәліметті тағайындалатын тоқсанның алдындағы үш айды ұсынады.

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған көмек, төлем ақысымен отбасы табыстарының арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

Тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасларға азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындалмайды.

Тұрғын үй көмегі көрсетілмейді:

-жұмысқа қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін;

-оқымайтын;

-армияда қызмет етпейтін,

-халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке қабілетті отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға)

Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде толық кеңес алу үшін Н.Назарбаев даңғылы 161, каб. № 15,16, телефон 93-35-61, 93-35-73 жолығуыңызға болады.

жеке кабинет