Маңызды! "Көп пәтерлі үйлерде тұратын тұтынушыларға"

18.05.2022

2022 жылғы 1 шілдеден бастап пәтер иелері кооперативтері (бұдан әрі-ПИК) тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес өз қызметін тоқтатады.

ПИК заңнамалық деңгейде азаматтық құқықтарға ие болу және оның қызметіне байланысты міндеттерді атқару мүмкіндігінен айырылатындықтан,энергиямен жабдықтаушы ұйыммен ПИК электрмен жабдықтау шарттары (ортақ пайдаланылатын орындарды жарықтандыру : подъездер , лифтілер және т.б.) бұзылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларын (бұдан әрі - қағидалар) басшылыққа ала отырып,энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілеттіктері шеңберінде энергия беруші ұйымға электрмен жабдықтауды тоқтатуға өтінім беру арқылы ПИК (МОП) объектілерін электрмен жабдықтауды тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

Бұл жағдайда электр энергиясын беруді тоқтату теңгерімдік тиесілілікті шектеу актісіне сәйкес, яғни ғимаратқа енгізуде немесе трансформаторлық қосалқы станцияның қоректендіруші ұяшығында қоректендіруші кәбілдің ұштықтарының болтты қосылыстарының шекарасында жүргізілетін болады.

Мұндай жағдайда бұл әрекет көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына да электр энергиясын беруді тоқтатуға алып келеді.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері,тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын (мүлік иелерінің бірлестігі немесе көп пәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (жай серіктестік)таңдау туралы шешім қабылдау үшін көп пәтерлі тұрғын үйдің иелері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысын 2022 жылғы 1 шілдеге дейін өткізуге міндетті екендігіне назарларыңызды аударамыз.

Осыдан кейін ортақ пайдаланылатын орындарды электрмен жабдықтау шартын жасау үшін көп пәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы " Западно-Казахстанская РЭК" ЖШС-на энергия беруші ұйымына жүгінуі қажет.

жеке кабинет