"17 августа 2020 года в 15:00 состоятся публичные слушания по уведомлению о предстоящем повышении предельной цены ТОО «Батыс Энергоресурсы» на розничную реализацию электрической энергии"

11.08.2020

Орал қаласында Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

"Департамент Комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 17 тамызда сағат 15:00-де Орал қаласы, Ескалиева көшесі, 177 корпус, 6 қабат, коференц зал мекенжайы бойынша «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағасының алдағы көтерілуі туралы хабарлама бойынша Жария тыңдаулар өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдауға қатысу үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, облыста карантин шараларын ескере отырып,  атап айтқанда маска тағу режимін сақтау, 1,5 метр қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану және т.б. санитарлық нормалары ескерілуі қажет.

Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Сонымен қатар, «COVID-19» короновирустық індетін таратпау және азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында, тұрғындар мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде Facebook әлеуметтік желісінде «Батыс Энергоресурсы» ЖСШ-ның парақшасында (https://www.facebook.com/batyser) және Департамент басшысының парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100045393800270), сондай-ақ«ZOOM» (https://us04web.zoom.us/j/75720536745?pwd=blZFcW94R09FVEx4WE1yWVNMNDdLdz09)  (конференция идентификаторы: 757 2053 6745 Қол жеткізу коды: 2Lg4gy) қосымшасы арқылы жария тыңдауға қатыса алады.

Әрбір тілек білдіруші онлайн-режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8(7112) 98-16-16, 98-16-66, 50-55-10 телефондары арқылы хабарласуға болады.

жеке кабинет